Өңірлер

Жарылыс кезінде адамдардың дене мүшесі жұлынып кеткенін айтқан тараздық жігіт ұсталды

Тараз түбіндегі жарылыстар туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан азамат кешірім сұрады
Sputnik

НҰР -СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. 27 тамызда полицейлер инстаграм желісін бақылау кезінде Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағында болған жарылыстарды жоюға болмайтынын және оның күші жойқын екенін айтқан бейнежазбаны анықтады, деп хабарлады Хабар 24.

Оны таратқан Тараз қаласының 26 жасар тұрғыны болып шықты. Сондай ақ көптеген азамат зардап шекті деген ол, дене бөліктері жұлынған құрбандар да бар екенін айтып, жар салған.

Ол өз ісіне өкінетінін айтып, анықталмаған ақпарат салғаны үшін елден кешірім сұрады.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған жарылыстан 13 адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың ішінде әскерилер, құтқарушылар және әскери прокуратура қызметкерлері бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты.