Бірінші қыркүйектен бастап оқушылар бұрынғыдай партаға отырып, сабақ оқиды. Алайда әрбір мектепте санитарлық талаптар қатаң сақталуы шарт.
Биыл санитайзерді қолдану мен арақашықтықты ұстаудан бөлек, Ashyq қосымшасы арқылы кіру міндеті де енгізіліп отыр. Оған қоса, мұғалімдер мен басқа қызметкерлер толығымен вакцина алуға тиіс. Вирусты жұқтырмау мақсатында басқа да шаралар қолға алынады.
Sputnik Қазақстан тілшілері астанадағы Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясына барып, жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты.