Әлем

Жапонияда екі адам Moderna вакцинасын салдырғаннан кейін қайтыс болды

Жабық ампулалардан бөгде қоспа табылғандықтан, партия жарамсыз деп танылған. Бірақ ер адамдар екпені вакцинаны пайдалану тоқтатылғанға дейін салғызған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Жапонияда 30 бен 38 жастағы екі ер адам пайдалануға тыйым салынған Moderna вакцинасынан көз жұмды.

Коронавирустың жаңа штамдары вакцинадан пайда болатыны рас па
Бұған дейін вакцина партиясынан бөгде қоспалар табылды, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Екі ер адам да тәуекел тобына жатпаған, созылмалы аурулармен ауырмаған. Өлім себебі белгісіз, вакцинамен байланысы анықталып жатыр.

Екеуі де вакцина салдырғаннан кейін үш күннен соң қайтыс болды.