Жақын маңдағы елді мекен тұрғындары Тараз қаласына эвакуацияланды.
Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тараз қаласындағы №5 мектеп пен Жамбыл политехникалық колледжіне 226 адам орналастырылды.
Қазір мектепте ешкім қалмаған. Ал колледж жатақханасында 30-ға жуық адам бар.
Ауруханада травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог және басқа да медицина қызметкерін қосқанда 32 дәрігер, 56 фельдшер қызмет атқарып жатыр.
Аурухана қақпасында жарылыс кезінде зардап шеккендердің аты-жөні жарияланды.
Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.