Оқиға

Жарылыс болған әскери бөлімге жақын жердегі дүкенде түсірілген видео тарады

Жарылыстан зәре-құты қалмаған кейбір жергілікті тұрғындар өз бетімен көшуге шешім қабылдаған
Sputnik

НҰР -СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желілерде жарылыс болған жерге жақын орналасқан дүкенде түсірілген видео жарияланды. Жарылыс толқыны мұндағы терезелер мен есіктерді қиратқан.

Sputnik Қазақстан тілшісі әскери бөлімнің жанында орналасқан Сарыкемер ауылының тұрғындарымен сөйлесті.

"Біз алдымен түтінді көрдік, содан кейін ватсапта алапат өрттің видеосы тарала бастады. Біз қорқып кетіп, үйден өз бетімізше кетуге шешім қабылдадық", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Жол бойындағы жанармай құю бекеттерінде кезек пайда болды. Жергілікті тұрғындар өрт болған аумақтан кетер алдында көлігіне жанармай құйып алып жатыр.