Өңірлер

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: ауруханаға түскендердің саны артты

Жамбыл облысының әкімдігі зардап шеккен адамдар қандай жарақат алғанын айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында болған жарылыстан зардап шеккендердің саны 66-ға жетті, деп хабарлады әкімдік.

"Сағат 23.30-дағы мәлімет бойынша Тараз қаласының №1 ауруханасы мен Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 адам түсті. Олардың көбісі жеңіл жарақат алды, екеуі ауыр жарақат алды. Сонымен қатар біз жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарынан тек ресми жедел штаб берген ақпаратты назарға алуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КОММЕРЧЕСКИЙ ТЕЛЕКАНАЛ (@taraz24tv)

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қазіргі уақытта 32 дәрігер мен 56 медицина қызметкері жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 60 адам ауруханаға түскені хабарланған болатын.   

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірі өртеніп, 6 жарылыс болды. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан.