Оқиға

Тоқаев жамбылдықтарды сабырлы әрі сақ болуға шақырды

Өкінішке қарай зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ жағдай бақылауда, деді президент
Sputnik

АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жамбылдықтарды сабырлы әрі сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар, әскери қызметшілер, дәрігерлер және жұмылдырылған барлық адам белсенді жұмыс істеп жатыр. Өкінішке қарай зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ жағдай бақылауда. Тараз қаласы мен ауыл тұрғындары сабырлы әрі сақ болуы керек", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

26 тамыз сағат 19.10 шамасында Байзақ ауданы Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан қорғаныс министрлігінің №28349 әскери бөлімінде оқ-дәрі қоймасы (инженерлік-саперлік бригада) өртенгені туралы хабарлама түскен. Өрттің салдарынан 6 жарылыс болды. 

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, 85 адам тұратын Қайнар ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін 66 адам ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде екі адамның жарақаты ауыр.