Қоғам

Синоптиктер 27 тамызға ауа райы болжамын жариялады

Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыс, оңтүстіктің таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды
Sputnik

АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Қазгидромет мамандары 27 тамызға ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Тек солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыс, оңтүстіктің таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысында және күндіз Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аудандарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Сол кезде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында бұршақ жауады.

Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде күндіз қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында күн ашық, күндіз ауа температурасы +30, түнде +16 градусты көрсетеді.

Алматыда ертең күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +31 градус, түнде +20 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы – 13 м/с.

Шымкентте күн ашық, күндіз +34 градус, түнде +20 градус ыстық болады.