Оқиға

Шымкентте салынып жатқан этноауыл өртенді – видео

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды
Sputnik

АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Шымкентте ірі өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаланың төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 26 тамыз түнде басталған. Әл-Фараби ауданы Сапақ Датқа көшесі бойында орналасқан "Шымқала" этноауыл аумағында өрт шыққаны туралы хабар 00.49-да түскен. Ол жерде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті. Олар этоноауыл аумағында орналасқан көлемі 80 шаршы метр бастырма және көлемі 8 шаршы метр қораның қамыс төбесі жанғанын анықтады.

Өрт сағат 01:10-да оқшауланып, сағат 01:19-да толық сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды.