Әлем

Қытай Ауғанстанға көмектесуге дайын екенін айтты

Қытай Талибанның* билікке келгеніне қараматсан Ауғанстанмен арадағы ынтымақтастықтан бас тартпайтынын жеткізді
Sputnik

АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Қытай Ауғанстандағы өмір сүру жағдайын жақсарту және оның тәуелсіз дамуына мүмкіндік жасау үшін халықаралық қауымдастықпен ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Қазақстанға ауған студенттерін чартерлік рейспен алып келеді
"Қытай Ауғанстанды бейбіт жолмен қалпына келтіруге және адамдардың өмір сүру жағдайы мен әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ тәуелсіз түрде даму мүмкіндігін арттыруға қолдау көрсету үшін халықаралық қауымдастықпен бірге жұмыс істеуге дайын", - деді Қытай сауда министрлігінің ресми өкілі Гао Фэн.

Ол сондай-ақ 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қытай мен Ауғанстанның тауар айналымы 550 миллион долларға жеткенін, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында екі елдің тауар айналымы 44%-ке өсіп, 310 миллион юань болғанын хабарлады.

16 тамыздан бастап Ауғанстан аумағының көп бөлігін Талибан* бақылауға алды. Олар ел астанасы Кабулды басып алды. Әзірге тек Панджшер шатқалы ғана тәлібтер бақылауына өткен жоқ.

*Талибан – Қазақстанда және басқа да бірқатар елде тыйым салынған экстремистік қозғалыс.