Өңірлер

Ақмола облысында белгісіз біреу ұлттық саябаққа өрт қойды

Өртті сөндіру үшін тікұшақ пайдаланылды. Тілсіз жауды 150-ден астам адам сөндірді, оның ішінде өрт сөндірушілер мен орман мекемелерінің қызметкерлері бар
Sputnik

АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Көкшетау ұлттық саябағы Зеренді филиалының Грибновское орман шаруашылығы аумағында 25 тамызда өрт шықты.

"Өртті сөндіруге 154 адам мен өрт десанты бар тікұшақ тартылды", - деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жалынды облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары, орман мекемелері, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен еріктілер сөндірді. Оған 20 техника жұмылдырылды.

"Өртті сөндіру оңайға соқпады, себебі қатты жел мен ағаш басының өртенуі кедергі келтірді. Жедел іс-қимыл, жұмсалған күш пен құралдардың дер кезінде жұмылдырылуының арқасында өрт сағат 18.50-де оқшауланды. Қазір орман ішіне барлау жүргізіліп жатыр. Орманның 7 гектарын от шарпыған", - делінген ақпаратта.

Оқиғаның алдын ала себебі – өрт қою. Оқиға орнында Зеренді аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істейді.

Ақмола облысында белгісіз біреу ұлттық саябаққа өрт қойды

Ақмола облысында ауа райының ыстық болуына байланысты өрт қаупінің деңгейі жоғары болып тұр.

Төтенше жағдайлар департаменті орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін сақтау қажет екенін ескертеді.