Оқиға

Алматыда жеңіл автокөлік пойыз астына түсті

Жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді, полиция апат себептерін анықтап жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Алматыда 70-ші разъезде (Сүйінбай даңғылы мен Іле жолы арасында) Toyota Camry көлігі пойыз астына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматыда жеңіл автокөлік пойыз астына түсті

Көлік жүргізушісінің айтуынша, ол теміржолға шыққанда, шлагбаум көтеріліп тұрған, бағдаршамда "қызыл" жанбаған. Дәл осы сәтте оған тепловоз соғылып, бірнеше метрге сүйреп әкеткен, содан кейін тоқтаған.

Алматыда жеңіл автокөлік пойыз астына түсті

Апат орнында кептеліс пайда болды.

Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы зардап шекті, әйел ауруханаға жатқызылды.

Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.