Оқиға

ҰҚК арнайы операция жүргізді: Қазақстанның батысында 31 адам ұсталды

Қылмыстық топ мүшелерінен төрт тоннадан астам марихуана, жеті атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің батысында есірткі өсірген қылмыстық топты құрықтады.

ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы күштерін тарта отырып, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіруді ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті.

Арнайы операция кезінде үш плантацияда 31 адам ұсталды. Оның 17-сі шетелдік, сондай-ақ есірткі тобын ұйымдастырушы да қолға түсті.

Заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам марихуана, 7 атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді. Тінту барысында браконьерлік жолмен алынған ақбөкен мүйіздері мен бекіре тұқымдас балықтар табылды.

Ведомство фигуранттардың есірткі қылмысына қатысын растайтын бұлтартпас айғақтарға қол жеткізілгенін атап өтті.