Оқиға

Павлодарда өзенге батып кеткен ер адамның денесі табылды

Мәйітті көпірден өтіп бара жатқан ер адам байқап қалған. Ал бір күн бұрын суға батып кеткен қызды іздестіру шаралары жалғасып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Ертіс өзенінде екі күн бұрын батып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

"Бүгін 54 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол 23 тамызда кешкі сағат 20:30 шамасында рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, батып кеткен", - дейді құтқарушылар. 

Марқұм өзеннің жағасында танысымен бірге ішімдік ішкен. Мас күйінде суға шомылмақ болып, батып кеткен. Оның мәйітін көпірден өтіп бара жатқан ер адам көрді.  

Қазіргі кезде 17 жастағы қызды іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Ол 22 тамызда Ақтоғай ауданындағы Шоқпар ауылына жақын жерде суға түскен. 

Ресми мәліметке сәйкес, биыл Павлодар облысында 28 адам суға батып кеткен. Олардың ішінде 7 кәмелеттік жасқа толмаған бала бар.