Фото

Дауыл, тасқын, өрт: Жер бетіндегі климат өзгерісінің зардабы қандай – фото

Sputnik

Құрғақшылық, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, дауыл – ғаламшардың барлық жерінде жаһандық жылынудың салдарын байқауға болады. Төтенше ауа райы құбылыстарының саны артып келеді, жыл сайын температура рекорды жаңарып жатыр, мұхиттар деңгейі көтеріліп, мұз да жылдам еріп келеді.

Экологтар бүкіл ғаламшардағы климаттың өзгергені туралы аз айтқан жоқ. Жаһандық жылыну қарқынының артып жатқанын байқауға болады. Ғалымдар мен зерттеушілердің пікірінше, Жер Цельсий бойынша 1,5-2 градустық қауіпті температура шегіне 2030 жылға таман жетеді.

Оқи отырыңыз: Ғалымдардың климаттың өзгеруіне қатысты болжамдары жаға ұстатады

Олар жаһандық жылыну бүкіл әлемге әсер етіп, оны тұрақсыз етеді деген мәлімдеме жасады. Ғалымдардың айтуынша, бұған бірнеше ондаған жыл бұрын атмосфераға түскен парниктік газ шығарындылары себеп болып отыр.

Қазірдің өзінде ғаламшар индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,2 °C-қа жылынып кетті.

Ғалымдар алдыңғы зерттеулердің дұрыс нәтиже бергеніне қарамастан, жаһандық жылынудың төмендеуіне нақты болжам жасау мүмкін емес екенін айтады. Өйткені мұндай эксперимент жер тарихында алғаш рет өткізіліп отыр.

Ғаламшардың түрлі аймағындағы климат өзгерісінің зардабын фотолентадан көре аласыз.

Оқи отырыңыз: Адамзатқа қандай қауіп төніп тұр - ғалымдар тағы да дабыл қақты

1 / 15
Гренландиядағы айсбергтерге қарама-қарсы өскен жабайы гүлдер.
2 / 15
Калифорниядағы су тасқынының зардабы
3 / 15
Якутиядағы орман өртін сөндіру кезіндегі "Авиаорманқорғау" қызметкері.
4 / 15
Калифорниядағы Өлім аңғарындағы ыстық кезінде басына бір бөтелке мұз қойған ер адам.
5 / 15
Калифорниядағы табиғи өрт кезінде пайда болған күлді құйын.
6 / 15
Гренландиядағы айсберг бөлшегі.
7 / 15
Кипрдегі климаттың өзгеруіне қарсы наразылық кезінде плакат ұстап шыққан балалар.
8 / 15
Бразилияның Рио-Пардо муниципалитетінде жанып жатқан ағаш.
9 / 15
Калифорнияда солып қалған гүлге қонған құс.
10 / 15
Су тасқыны Еуропаға, Қытайға және Үндістанға үлкен зиян келтірді, ал АҚШ, Канада, Греция және Түркияда орман өрті өршіді. Фотода: Солтүстік Каролинадағы (АҚШ) Флоренсия дауылынан кейінгі су тасқыны.
11 / 15
Қуаңшылықтан суы тартылған Аргентинадағы Парана өзенінің үстінен ұшып бара жатқан құстар.
12 / 15
Калифорниядағы табиғи өрт кезінде жанып жатқан үй.
13 / 15
Бразилияның Параиба штатындағы Бокейрао резервуарының орны.
14 / 15
Грециядағы табиғи өрттен кейінгі түтінді тұман.
15 / 15
Плакат ұстап, наразылық білдіріп тұрған адам, Лондон.