НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. "Достар" жағажайында демалушылар 24 тамызда сағат 15:00 шамасында Теңіз порты маңында бірнеше жарылыс болғанын айтты. Жалын биіктігі 5-7 метрге жеткен.
Ақтау теңіз портының баспасөз орталығы терминал аумағында жарылыстар болғанын растады, деп жазады Lada.kz.
Олар "Каспий-Антитеррор-2021" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы аясында болды.
Ақпан айында ақтаулықтар химиялық иіске шағымданған болатын. Тексеріс нәтижесінде қоршаған ортаға эмиссия нормативтері асып кеткені анықталды. Экологиялық талаптар сақталмаған.