Өңірлер

Павлодарда жөндеуден өткен перзентхананы жаңбырдан кейін су басты – видео

Перинаталды орталықтың жөндеуден өткен шатырынан су ақты. Оқиға видеоға түсіп қалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Павлодарда перинаталды орталықтың жөнделген шатырынан жаңбырдан кейін су ағып, бүкіл ғимаратты су басты.

Видеодан төбеден, розеткалардан су сорғалап жатқанын көруге болады. Ғимараттың бесінші қабатынан бірінші қабатына дейін су басқан, деп хабарлайды жергілікті kerek.pv Instagram-паблигі.

Жөндеу проблемасымен жергілікті нұротандықтар айналысты. Nur Otan партиясы Павлодар филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко сапасыз жөнделген шатыр үшін "ҚазЕвроСтрой" ЖШС мердігер ұйымының құрылысшыларына шүйлікті.

"Бұл әлеуметтік нысан, бұл жерде сәбилер дүниеге келеді. Сіз бен біздің балаларымыз...", - деп ашуланды ол.

Партия мүшесі перинаталды орталыққа "идеологиялық және патриоттық" тұрғыдан қарауды талап етті.