НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар туралы статистиканы жаңартты.
Өткен тәулікте 113 қазақстандық коронавирустың құрбаны болса, "ковидтік" пневмониядан 24 адам қайтыс болған.
ПТР-тесті оң болған науқастардың көбі Нұр-Сұлтан (21 адам), Алматы (18) және Ақмола облысында (15) көз жұмды.
Қазақстанда пандемия басталғалы барлығы 8 415 адам, ал COVID-19 белгілері бар пневмониядан 4 240 адам қайтыс болды.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар туралы жаңа мәлімет жарияланды
23 тамыздағы мәлімет бойынша, 124 871 адам коронавирус инфекциясынан (–118 989+ және 5 882 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 197 пациент стационарда, 94 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 944 адамның жағдайы ауыр;
- 518 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 312 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.