Видео

ҰҚК ардагерлері "Ыбырай ізімен" велошеруіне қатысып жатыр – видео

23 тамызда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай 800 шақырымдық велошеру басталды
Sputnik

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шара Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығына және Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінің 30 жылдығына арналған.

Велошеруге әуесқой велошабандоздар қатысады, солардың ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагерлері – 66 жастағы Эрнст Баймұхамбетов пен 57 жастағы Қайрат Ырғызбаев бар.

"Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы. Ыбырай Алтынсариннің мұрасын кеңінен насихаттауға кішкене болсын үлес қоссақ дейміз. Ел танып, жер танып, артымыздан ерген жас ұрпаққа патриотизмнің үлгісін көрсеткіміз келеді. Елде велосипед мәдениетін өркендетсек дейміз", - дейді қатысушылардың бірі.

Велошеру сағат 9.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Алтынсарин көшесінен басталды. Қозғалыс бағыты: Нұр-Сұлтан – Астрахан – Атбасар – Жақсы –Октябрь – Әулиекөл – Қостанай.

Велошабандоздар Қостанай қаласына 28 тамыз түстен кейін келеді деп жоспарланған.

Велошеру XIX ғасырдың көрнекті ағартушысының қазақ қоғамының дамуына қосқан баға жетпес үлесін өскелең ұрпаққа еске салу мақсатында өткізіліп жатыр. Сондай-ақ ол қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.