Өңірлер

Полиция жол ережесін бұзған тараздықтардың видеосын таратты

Жаяу жүргіншілерді өткізбегені үшін бірнеше көлік иесіне 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз - Sputnik. Тараз қалалық полиция басқармасы бақылау камералары түсірген видеоны жариялады. 

Видеода Audi көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өтетін жерде бұрылып, тура адамдардың артынан жүрген.

Ал ВАЗ бен Toyota тұтас қос сызыққа қарамай, жолға шығып кеткен. Жаяу жүргіншілерді өткізбейтін көлік иелері де аз емес. 

"Ереже бұзған көлік жүргізушілеріне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Осы құқықбұзушылық үшін алты айға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған", - дейді полицейлер. 

Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілерді өткізбегені үшін бірнеше көлік иесіне 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал терезені қараңғылап тастаған тағы екі жүргізуші 14 585 теңгеге шығындалады.