Ауған провинциялары тәлібтерге не себепті тез берілді? Террористер билікті ұстап тұра ала ма? Талибанның* басқаруы қандай болады?
Осы және өзге де сұрақтарға Ресей халықтар достығы университетінің Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Дмитрий Егорченков жауап береді.
Сарапшы пікірінше, Ауғанстанның үкіметтік әскерін қорқыныш пен үрей биледі. Сондықтан да олар қарсыласуға шыққан жоқ. Ал жергілікті ауған халқы тәлібтерден мамыражай өмір күтпейді.
Сонымен қатар сарапшы экстремизм, есірткі бизнесі, азаматтық соғыстың болу ықтималдығы туралы сөз қозғайды.
Талибан*- Қазақстанда, Ресейде және тағы бірқатар елдерде қызметіне тыйым салынған террористік ұйым.