АЛМАТЫ, 23 тамыз – Sputnik. 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода өтетін XVI Паралимпиада ойындарын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасының сайтында хабарланды.
Паралимпиадаға Қазақстан атынан 7 спорт түрі бойынша 26 спортшы қатысады. Оның ішінде 7 спортшы суда жүзу, 6 спортшы дзюдо, 5 спортшы пауэрлифтинг, 3 спортшы таеквондо, 2 спортшы жеңіл атлетика бойынша бақ сынайды. Сондай-ақ қазақстандық спортшылар алғаш рет каноэде ескек есу мен оқ атудан жолдама алды.
Жүзу бойынша:
- Нұрдәулет Жұмағали;
- Нұрәлі Советқанов;
- Сиязбек Дәлиев;
- Ержан Сәлімгереев;
- Зульфия Габидулина;
- Роман Агалаков;
- Әлия Разымбекова.
Жеңіл атлетика:
- Дастан Мұқашбеков;
- Салтанат Әбілқасымқызы.
Дзюдо:
- Жанбота Аманжол;
- Зарина Байбатина;
- Теміржан Дәулет;
- Даяна Федосова;
- Әнуар Сәриев;
- Ғалымжан Смағұлұлы.
Каноэ:
- Бейбарыс Сыпатай.
Таеквондо:
- Нұрлан Домбаев;
- Нышан Өмірәлі;
- Камила Досмалова.
Пауэрлифтинг:
- Давид Дегтярев;
- Раушан Қойшыбаева;
- Рахмеджан Хамаев;
- Гүлбану Әбдіқалықова;
- Алина Солодухина.
Пара оқ ату:
- Айсұлу Жұмабаева.
Ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 24 тамыз 17:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.
Qazsport телеарнасы қазақстандық паралимпиадашылар қатысатын жарыс түрлерін тікелей эфирде таратады. Жарыстар телеарнаның ресми сайты арқылы да көрсетіледі.
Паралимпиданың ашылу салтанатында пара таеквандодан екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы Нұрлан Домбаев Қазақстан Туын алып шығады.
Айта кетері, Токиодағы Паралимпиадада 136 мемлекеттен 4 400-ге жуық спортшы 22 спорт түрінен сынға түседі.