Әлем

Украинада тек трансұлттық корпорациялар қалуы мүмкін - сарапшы

1990 жылы Украинаның жалпы ішкі өнімі адам басына шаққанда 3 965 долларды құраған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз — Sputnik. Экономист әрі публицист Михаил Хазин Украина экономикасының жақын уақыттағы болашағы туралы болжамымен бөлісті.

КСРО-ның тарауы бұрынғы кеңестік республикалар үшін қиындық алып келгені рас. Алайда қазір осы мемлекеттер ішінде Украина 80-шы жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басындағы экономикалық дағдарыстан толыққанды айыға алмаған жалғыз мемлекет болып отыр, дейді сарапшы.

Тоқаев Украина президентіне көңіл айтты
Дүниежүзілік банк мәліметі бойынша, мемлекеттік тәуелсіздік туралы декларацияға қол қойылған 1990 жылы адам басына шаққанда Украинаның жалпы ішкі өнімі 3 965 долларды құрады. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш  3115 доллар болды.

Украинадағы инфляцияға қатысты жағдай да мәз емес: соңғы 10 жылда тауар бағасы 200%-ке қымбаттады.

"Украинаның экономикалық тұралауына оның өз саясатын Ресеймен өзара әрекеттестіктен тыс қарастыруы да ықпал етіп отыр", - дейді Хазин.

Сарапшының пікірінше, жақын уақытта елде тек трансұлттық корпорациялар ғана қалу қаупі тұр.

Хазин украин билігі ел экономикасын көтеру үшін жеткілікті деңгейде шара қабылдамай отыр деген пікір айтты.

Украинада дефолт болуы мүмкін бе, Ангела Меркель Киевке іссапары кезінде "Солтүстік ағын – 2" жобасын талқылай ма – осы туралы YouTube-арнадағы сұхбаттан толығырақ біле аласыздар.