Өңірлер

Тоқаев Ауғанстандағы ахуал туралы: тікелей қауіп төндірмейді, бірақ қатер бар

Бұл оқиғалар Қазақстанға тікелей қауіп төндірмейді. Алайда белгілі бір дәрежеде қатер бар. Сондықтан біз жағдайды мұқият бақылап, кез келген сын-қатерге лайықты жауап беруге дайын болуымыз керек, деді президент
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз — Sputnik. Мемлекет басшысы "Қайсар-2021" оқу-жаттығуына барды, деп хабарлады Ақорда.

Жедел-тактикалық оқу-жаттығулары Алматы облысында Жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығында өтті.

"Халықаралық ахуалдың шиеленісуі жағдайында біздің күштік құрылымдар мейілінше ұтқыр болуға тиіс. Ауғанстандағы жағдайға байланысты қоғамда алаңдаушылық артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл оқиғалар Қазақстанға тікелей қауіп төндірмейді. Алайда белгілі бір дәрежеде қатер бар", – деді Жоғарғы бас қолбасшы.

Ол жағдайды мұқият бақылап, кез келген сын-қатерге лайықты жауап беруге дайын болу керектігін жеткізді.

Тоқаев Ауғанстандағы ахуал туралы: тікелей қауіп төндірмейді, бірақ қатер бар

Мемлекет басшысына арнайы жасақ қызметкерлерінің қоян-қолтық ұрысқа дайындығы көрсетілді. Президент жаттығу жүйелері, биікке өрмелеу қабырғалары және оқу орталығының мультимедиялық мылтық ату полигонын аралады.

Жоғарғы Бас қолбасшы әскерилер алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның мықты мемлекет болып қалыптасуына құқық қорғау органдары елеулі үлес қосып жатқанын атап өтті.

"Тәртіп сақшысы кез-келген уақытта қатердің бетін қайтаруға дайын тұруға тиіс. Бұл зор жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Полиция қызметкерлері қашанда қырағы әрі ширақ болуы керек. Сондықтан, осындай оқу-жаттығулар кәсіби шеберлікті шыңдау үшін өте маңызды", – деді Тоқаев.

Тоқаев Ауғанстандағы ахуал туралы: тікелей қауіп төндірмейді, бірақ қатер бар

Алдағы үш жылда ішкі істер органдары қызметкерлерінің лаузымдық еңбекақысы орта есеппен 30 процентке өседі. Осы мақсатқа 100 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Ұлттық ұлан сарбаздарының айлық жалақысы біртіндеп өсіп келеді. 2021-2023 жылдары офицерлердің жалақысы 70 процентке, келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилердің еңбекақысы 60 процентке жуық артады.

2024 жылдың соңына дейін арнайы күштерде қызмет ететіндер мен келісімшарт бойынша қызмет артқарып жүргендердің бәрі офицер шенін алады.