Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысына Армения, Беларусь, Қазақстан премьер-министрлері, Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы, Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы, Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы қатысты. Ал Өзбекстан мен Куба Республикасының премьер-министрлері бақылаушы ретінде видеоконференция арқылы байланысқа шықты.
Отырыста интеграциялық ұйым аясындағы бірқатар өзекті мәселе талқыланды.