Фото

Алматының ботаникалық бағына саяхат – фото

Sputnik

Ботаникалық бақ аптасына бес күн таңғы тоғыздан кешкі тоғызға дейін ашық болады. Сенбі-жексенбіде бақ кассасы кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Әр айдың бірінші дүйсенбісі – санитарлық күн.

Ботаникалық бақта тұрақты түрде үй өсімдіктерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке сейсенбі-жексенбі аралығында 12:00-19:00 аралығында болады.

Бақтың үш кіреберісі бар. Тимирязев көшесіндегі кіреберіс бұрын баққа кіретін жалғыз есік болған, сол себепті ол алматылықтар арасында кеңінен белгілі. Тимирязев №42 мекенжайы бойынша Батыс павильоны орналасқан. Демек, бақ ішіне Атакент аумағынан кіріп, бақтың дәл ортасынан өтуге мүмкіндік бар. Үшінші есік – оңтүстік кіреберіс. Оған Әл-Фараби даңғылы жағынан кіруге болады.

Бақтың тамыздағы кейпін Sputnik фотолентасынан көріңіз.

1 / 14
Алматы ботаникалық бағы 1932 жылы ашылған. 1967 жылға дейін КСРО ғылым академиясы қазақ филиалының республикалық ботаникалық бағы деп аталды.
2 / 14
1967-1994 жылдар аралығында өз алдына дербес ғылыми-зерттеу мекемесі болды. 1995 жылдан бастап ботаника және фитоинтродукция институтының құрамына енді.
3 / 14
2006 жылы ботаникалық бақ "Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының" тізбесіне енгізілді.
4 / 14
Алматы ботаникалық бағы Тимирязев көшесі, №36 Д мекенжайында орналасқан. Бақтың жалпы аумағы – 104 гектар.
5 / 14
Ботаникалық бақ демалыс күндері де жұмыс істейді. Аптасына бес күн таңғы тоғыздан кешкі тоғызға дейін ашық болады. Сенбі-жексенбіде бақ кассасы кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Әр айдың бірінші дүйсенбісі – санитарлық күн.
6 / 14
Ботаникалық бақта тұрақты түрде үй өсімдіктерінің жәрмеңкесі болады. Жәрмеңке сейсенбі-жексенбі аралығында 12:00-19:00 аралығында өтеді.
7 / 14
Ботаникалық бақтың ішінде қаланың шулы көшелері мен күйбең тіршіліктен демалуға мүмкіндік бар. Мұнда алуан түрлі гүл, биік қарағай, әдемі қайыңдар мен емен, өзге де ағаштар өседі.
8 / 14
Баққа негізгі есік арқылы кірген кезде келушілер назары бірден тұңғиық немесе нимфея деп аталатын су астында өсетін ақ гүлді өсімдікке түседі. Көпшілік мұны лотос гүлімен шатастыруы да мүмкін.
9 / 14
Нимфея өсімдіктердің медициналық мақсатта жойылуына, сондай-ақ экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты көптеген елдің Қызыл кітабына жойылып бара жатқан түр ретінде енгізілген.
10 / 14
Баққа келушілерге барлық жағдай жасалған. Мұндай пикник жасауға болмайды, ол үшін арнайы орындықтар қойылған.
11 / 14
Сондай-ақ ботаникалық бақ ішінде 5 ауыз су бұрқағы орнатылған. Оның екеуі солтүстік кіреберістің бас аллеясында орналасқан. Ал бақ ішіндегі субұрқақтарға шомылуға болмайды.
12 / 14
Ботаникалық бақтың үш кіреберісі бар. Тимирязев көшесіндегі кіреберіс бұрын баққа кіретін жалғыз есік болған, сол себепті ол алматылықтар арасында кеңінен белгілі. Тимирязев №42 мекенжайы бойынша Батыс павильоны орналасқан. Демек бақ ішіне Атакент аумағынан кіріп, бақтың дәл ортасынан өтуге мүмкіндік бар. Үшінші есік – оңтүстік кіреберіс. Оған Әл-Фараби даңғылы жағынан әл-Фараби, 71а мекенжайы арқылы кіруге болады.
13 / 14
Ботаникалық бақта Қазақстанның Қызыл кітабына енген бірегей өсімдіктер өседі. Ал гүлдің көбі дәл осы мезгілде бүр жаратындықтан, тамыз – таза ауада серуендеп, әдемі гүлдерді тамашалауға болатын таптырмас ай.
14 / 14
Қазір бақтағы ғылыми және экспозициялық аймақтарда табиғи және әлемдік флора өсімдіктерінің 4200-ге жуық түрі, сорттары мен формалары өсіп келеді, қайта құру кезінде коллекциялық өсімдіктердің 500-ге жуық жаңа таксондарымен толықтырылды. Келесі жылы бақтың құрылғанына 90 жыл толады.