Қоғам

Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 163 адам көз жұмды

Республикада коронавирустан қайтыс болғандар саны артты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 118 адам коронавирустан және тағы 45 азамат коронавирустың белгілері бар пневмониядан көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте 7 348 адамнан коронавирус инфекциясы табылды
20 тамыздағы мәлімет бойынша, 122 620 адам (117 108 КВИ+ және 5 512 КВИ-) коронавирусқа қарсы ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 30 128 науқас стационарда, 94 492 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.

Жалпы науқастар арасында 1 918 адамның жағдайы ауыр, 551 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Сонымен қатар 248 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Қазақстанда өткен тәуліктің ішінде 7 348 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.