Саясат

Тоқаев Мәскеуде Путинмен кездеседі

Екі ел басшылары Еуразия кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздік және интеграциялық үдерістер мәселелері бойынша пікір алмасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Ертең, 21 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Президент Владимир Путинмен кездесу жоспарланған", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Екі ел басшылары Еуразия кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздік және интеграциялық үдерістер мәселелері бойынша пікір алмасады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланады.