Өңірлер

Сәтбаев тұрғынын өлтіріп кетті

Күдіктіні анықтап, қылмысты ашу бойынша жан-жақты кешенді іс-шаралар қолға алынды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Полицейлер Сәтбаев тұрғынын өлтіріп кеткен адамды анықтап жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.  

Қарағанды облысында бүтін бір отбасын өлтіріп кетті
20 тамыз күні сағат 01:00 шамасында белгісіз біреулер қарумен 41 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғынын өлтіріп кетті.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға орынында Қарағанды облыстық полиция департаменті мен Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу топтары жұмыс істеп жатыр.

Қылмыстық іс бойынша әртүрлі нұсқалар тексерілуде. Күдіктіні анықтап, қылмысты ашу бойынша жан-жақты кешенді іс-шаралар қолға алынды.