НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз - Sputnik. Еуразия экономикалық одағы жоғарғы кеңесінің отырысы 2021 жылдың желтоқсанында Алматыда өтеді. Бұл туралы Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының басшысы Михаил Мясникович мәлімдеді.
"Комиссияның алдында үлкен міндеттер тұр. Біз оларды белгіленген тәртіпте орындауды жоспарлап отырмыз. Осы жылдың қазан және желтоқсанында өтетін үкіметаралық кеңес пен Жоғарғы кеңеске осы мәселе жайлы баяндап отырамыз. Желтоқсандағы Жоғарғы кеңес Алматыда өтеді деп белгіленді", - деді Мясникович ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің қорытындысы бойынша өткен брифингте.
Бейсенбі, жұма күндері Чолпон-Атада (Қырғызстан) ЕАЭО елдерінің үкіметаралық кеңесі өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша көлік, тарифтік реттеу, Одақ ішіндегі сауда кедергілерін жою, цифрлық трансформация және басқа да мәселелер жөнінде бірқатар құжат қабылданды.