Өңірлер

Жұма күні ауа райы қандай болады

Елдің басым бөлігінде жел күшейеді. Солтүстікте тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл болатыны хабарланды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Синоптиктер жұма күні жауын-шашынсыз болатынын хабарлады. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік шығыста бұршақ, солтүстікте тұман болады.

Өңірлердегі ауа райы

Жамбыл облысында күндіз бұршақ жауады. 

Алматы облысының таулы аудандарыда найзағай ойнайды. 

Түркістан облысында шаңды дауыл, таулы аудандарда және батыста жел күшейеді, екпіні 25 м/с-ке жетуі мүмкін.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында күн күркіреп, жел күшейеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде секундына 15-20 метр жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Алматыда +28+30 °C ыстық.

Елордада +27+29 °C болады.

Ал Шымкентте күндіз +35+37 °C.