Мәдениет

Димаштың фанаттары әншіні Сочиде ерекше қарсы алды – видео

Әнші "Новая волна-2021" конкурсына қазылар алқасының мүшесі ретінде катысады. Байқауға Қазақстан атынан алматылық "Mezzo" тобы барды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сочи қаласына барды. Қала әуежайында фанаттары оған тосын сый жасап, ерекше музыкамен қарсы алды.

Димаштың Сочи қаласындағы диерс тобы өзінің Instagram парақшасында әншіні қалай қарсы алғанын көрсетті. Қазақстандық әнші әуежайдың күтіп алу залына шыққанда бәрі үндемей тұрады, музыка ғана естіледі. Димаш бәрімен амандасып, бірден ерекше әуен шығаратын музыкалық аспапты сұрайды. "Бұл қандай аспап?", - дейді Құдайберген. Ал музыкант ойнап болғаннан кейін "Браво!" деп, қол шапалақтайды. Осы кезде ғана барлығы: "Димаш! Димаш! Димаш!", - деп айқайлайды.

"Біздің ғарыштық Ханзадамыз ұшып келді. Біз "ғарыштық" музыкамен қарсы алдық. Бәріміз осыны қалаған едік", - деп жазды фанаттар.  

Димаш Құдайберген Сочи қаласындағы "Новая волна-2021" конкурсына қазылар алқасының мүшесі ретінде катысады. Байқауда Қазақстанның атынан алматылық "Mezzo" тобы шығады.

"Mezzo" тобында төрт әнші бар. Олар: Жасұлан Сыдықов (тенор), Жәнібек Сейідахметов (тенор); Асан Нұрбергенов (баритон) және Мейірхан Жантұрғанов (тенор).