НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанда "Алтын белгіні" алу талаптары қатаңдатылады, деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
"Біз жыл сайын талаптарды кезең-кезеңімен қайта қарап келеміз. Өткен жылы талапты қатаңдату мәселесі көтеріліп, бірқатар өзгеріс енгізілді. Биыл екінші кезеңде үміткердің оқу жылы соңындағы нәтижесі ғана емес, 5-11 сынып аралығында әр тоқсанды беске аяқтауы ескеріледі", - деді Асхат Аймағамбетов.
Министрлік мұндай талапты маңызды әрі нәтижелі деп есептейді. "Алтын белгіге" үміткер орта білімін мектепте мемлекеттік емтиханды беске тапсырып, қорғап шығуға тиіс.
"Алтын белгі" – қазақстандық білім беру жүйесінде озат оқушыға берілетін төс белгі.
Оқи отырыңыз: ҰБТ-дағы жанжал: Қабатовтың қызы қалай "Алтын белгі" алғаны тексерілді