Өңірлер

Көліктің капотына Қазақстан туын жайып қойған атыраулық жазаланды

Тәртіп бұзған жүргізушінің кім екені бейнебақылау жүйесінің көмегімен анықталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Атырауда Қазақстанның мемлекеттік туын автокөлік капотына жайып қойған жүргізуші жазаланды.

Бұл оқиға 16 тамызда болған: бейнебақылау қызметкерлері Еркінов пен Амандосов көшелерінің қиылысында капотына Қазақстанның туын жауып келе жатқан Kia Rio автокөлігін байқаған, деп хабарлады Polisia.kz.

Хабарлама алған бойда патрульдік полиция оқиға орнына жеткен. Автомобиль рөлінде 38 жастағы жүргізуші болғаны анықталды.

Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 458-бабы бойынша, яғни республиканың мемлекеттік туын заңсыз қолданғаны үшін жазаланды.

Жүргізуші 72 925 (шамамен 170 доллар) көлемінде айыппұл төлейді.