Соның ішінен ең ұтымды деген біреуі таңдалды. Бүгінде оқулықтың жаңа нұсқасы дайын. Оның басты ерекшелігі сол, заман талабына сай жасалып отыр. Әрбір бетінде QR-код та бар. Сол арқылы аудио мәтінді тыңдап шығуға болады. Sputnik Қазақстан тілшілері білім және ғылым министрлігіне қарасты республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына барып, "Әліппенің" жаңа нұсқасымен танысып қайтты.