АЛМАТЫ, 18 тамыз – Sputnik. Синоптиктер 19 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Республика бойынша кей жерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Орталық, шығыс және оңтүстік бөлігінде бұршақ жауады. Солтүстік пен орталықта таңертең және түнде тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады, солтүстік-шығыста және оңтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Павлодар облысының шығысында найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, шаңды дауыл болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Атырау, Батыс Қазақстан облысында күндіз өте қатты ыстық болады. Ақтөбеде, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облысында қатты ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алдағы үш тәулікте күн жылы болады
Сондай-ақ 19-21 тамыз аралығында республика бойынша жауын-шашын жаумайды. Тек шығыс, оңтүстік-шығыста өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, екпінді жел тұруы мүмкін.
Ауа температурасы солтүстікте +23...+30°C дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +25...+40°C, орталық пен шығыста +17...+35°C дейін көтеріледі.
Қазақстанның батысында күн ыстық болады, ауа температурасы +32...+41°C болады.
Мегаполистегі ауа райы
Нұр-Сұлтан қаласында 19 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Солтүстіктен соққан желдің екпіні 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...28°C болады.
20-21 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +27...+29°C жылы болады.
Алматыда 19 тамызда көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, түнде +28...+30°C болады. 20-21 тамызда жауын-шашын жаумайды, көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +29...+31°C болады.
Шымкентте 19-21 тамыз аралығында күн бұлтты болады. Үш күнде көшпелі бұлт шығады. Синоптиктер жаңбыр жаумайды деген болжам жасады. Ауа температурасы 19 тамызда түнде +17...+19°C, күндіз +33...+35°C көрсетеді. Ал 20-21 тамызда күндіз +19...+21°C, түнде +35...+37°C жылы болады.