Оқиға

Рудныйда КамАЗ бен Lada соқтығысты: әйел көз жұмды - видео

Жеңіл көлік жүргізушісі бұрылыс кезінде жолдың қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген, дейді полициядағылар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Рудныйда КамАЗ Lada көлігімен соқтығысып, жеңіл көлік ішіндегі жолаушы әйел қаза болды, деп хабарлады Рудный қаласы полициясының баспасөз қызметі.

""ВАЗ 21070" жүргізушісі Топорков көшесімен келе жатып, Молодая Гвардия көшесінің қиылысындағы бағдаршамда солға бұрылған кезде "КамАЗ" көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көлік жүргізушісі бұрылған кезде жолдың қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген", - деп хабарлады полиция.

"ВАЗ 21070" жолаушысы жарақат салдарынан сол жерде көз жұмды.

Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасы мүшелері көз жұмды