Саясат

Мишустин Нұр-Сұлтанға келеді

Ресей премьер-министрінің жұмыс сапары барысында өндіріс, энергетика, көлік және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин Нұр-Сұлтанға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РФ үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс сапары 18-19 тамызға жоспарланған. Мишустин Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен келіссөздер өткізеді.

"Сондай-ақ, Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстанның тұңғыш президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі", - делінген ресми хабарламада.

Мишустиннің жұмыс сапары барысында өндіріс, энергетика, көлік және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады. Әсіресе, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынасты кеңейту және коронавирус инфекциясымен күрес жолында бірлескен шараларға басымдық беріледі.