Өңірлер

Ақтөбеде үш бала ГАЗель көлігін өртеп жіберді

ГАЗель көлігіне от қойғандар 5, 6 және 7 жастағы үш көрші бала болып шықты
Sputnik

НҰР -СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде үш бала ГАЗель автокөлігін өртеп жіберді, деп хабарлады Polisia.kz.

Ақтөбе облысында көлік ішінде ойнаған балалардың екеуі де қайтыс болды
Оқиға 14 тамызда сағат 14.00-де Ақтөбе қаласының "Спецавтобаза-2" бау-бақша ұжымында болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметі жіберілді.

 ГАЗель көлігіне от қойғандар 5, 6 және 7 жастағы үш көрші бала болып шықты. Балалар автокөлік бортында ойнап, орындықтағы "губканы" өртеп жіберген. Машина толығымен жанып кеткен.

Балалардың бұзақылығы үшін ата-аналары жауапқа тартылады.