Өңірлер

Өскеменде автовокзал ғимаратындағы адамдар эвакуацияланды

Архитектуралық ескерткіш болып саналатын ескі вокзалды жөндеу мәселесі әлі шешілген жоқ
Sputnik

НҰР -СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Өскеменде ескі автовокзал ғимаратының төбесі жарылып кетті, барлық адам эвакуацияланды. Оқиға орнына жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келді.

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті – видео
Ведомство ғимараттың иесі өз бетінше дереу эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырғанын, қызметкерлердің көмегі қажет болмағанын атап өтті, деп хабарлайды "Устинка LIVE". 

Автовокзал ғимаратынан билет кассалары уақытша көшірілгені белгілі болды.

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы мәдени мұра бөлімінің басшылығы да вокзалға келді, олар вокзалды жөндеуге бюджеттен қаражат бөлу мәселесі көп уақытты алатын процесс екенін хабарлады.

Мызы көшесіндегі автовокзал – сәулет ескерткіші. Ол 1936 жылы тұрғызылған.