Денсаулық

Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны жарияланды

16 тамыздағы мәлімет бойынша 119 547 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жүр. Олардың ішінде 31 910 пациент стационарда ем қабылдауда
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстанда бір тәулік ішінде 123 адам коронавирус пен ковидтік пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, коронавирустан 98 адам (КВИ+) қайтыс болса, ковидтік пневмониядан 25 науқас (КВИ-) көз жұмды. 

"16 тамыздағы мәлімет бойынша 119 547 адам коронавирус инфекциясынан (–114 790 КВИ+ және 4 757 КВИ-) емделіп жүр. Олардың ішінде 31 910 пациент стационарда, 87 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда", - делінген ресми хабарламада. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 1 937 адамның жағдайы ауыр;
  • 507 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 228 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.