Қоғам

"Алаяқтармен олай сөйлесуге болмайды": маман кеңес берді

Сарапшылар көп жағдайда адамдар үрей мен абдырап қалу салдарынан алаяқтар құрбанына айналатынын айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз — Sputnik. Заңгер Егор Редин алаяқтармен қалай сөйлесу керектігін айтты. Ол мүмкіндік болса, әңгімені өрбітпеген жөн деп отыр. Себебі банк пен басқа да қызмет түрлері күдікті операциялар туралы телефон қоңырауынсыз-ақ хабардар етеді, деп жазады "Прайм" агенттігі жазды.

Рединнің пікірінше, картадағы ақшаны ұрлауға қатысты күдікті сылтау ету арқылы карта деректерін анықтау алаяқтардың ең жиі қолданатын әдісі болып отыр.

"Осындай әңгімені естіген болсаңыз, бірден телефон тұтқасын қойыңыз", - дейді Егор Редин. 

Егер күдіктімен сөйлескен болсаңыз, онда ешқандай санды атамау керек және сұрақтарға "иә" және "жоқ" деп жауап бермеген абзал. Себебі сіздің даусыңызды диктофонға жазып алуы мүмкін.

"Азаматтың жеке дерегін білгеннен кейін мұндай жазбаны дауысты анықтау қызметі бар банк немесе басқа да қызметке қоңырау шалу үшін қолдануға болады", - деді заңгер.

Сонымен қатар жасырын нөмір қоңырауларына да жауап бермеу керек және күдікті сілтемелер арқылы өтпеген дұрыс. 

Шынайы банктерден тек ресми нөмірлер арқылы хабарласады және хабарлама жолдайды. Редин банктер ешқашан есепшот реквизиттері мен жеке деректерді сұрамайтынын еске салды. 

Көп жағдайда адамдар үрей мен абдырап қалу салдарынан алаяқтардың құрбанына айналып жатады. Сасқалақтаудың еш қажеті жоқ. Заңгер телефон тұтқасын қойып, банктің ресми нөміріне хабарласу керек екенін айтты.