НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында 21 жастағы фельшер сыбайластары арқылы жалған ПТР-тест анықтамаларын сатты. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Құрық" теңіз портында жұмыс істейтін фельдшер ПТР-тест анықтамаларын қолдан жасап, сыбайластары арқылы сатып отырған. Ал жалған құжат сатып алған жолаушылар Қазақстан аумағына ешбір кедергісіз кіріп, шығып жүрген", - деді Ораз онлайн брифингте.
Жалған тест анықтамалары 3-10 мың теңгеге сатылған. Күдіктінің үйін тінту барасында 48 жалған тест, принтер және тағы басқа кеңсе техникасы тәркіленді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәртіп сақшылары күдіктілердің әрекетінін келген залалды, сондай-ақ жалған анықтамамен келіп кеткен жолаушылардың санын анықтайды.
Айта кетері, Қазақстанда жалған құжат жасау әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Кінәлі адам төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ал жалған құжатты пайдаланған адамдар 40 тәулікке қамауға алынады.
Оқи отырыңыз: Полицейлер вакциналау паспортын сататын дәрігерлер қандай қулық жасайтынын анықтады