Тәлібтер билікке келді - ҰҚШҰ-ның дайындығы қандай

Ауғанстан өзінің көп ғасырлық тарихында қазір үлкен дүрбелеңді бастан кешіріп жатыр. АҚШ пен альянс әскері ауған жерінен шығарылғаннан кейін Ислам республикасы небәрі төрт айға жуық уақыт қана содырларға төтеп бере алды
Sputnik

16 тамызда тәлібтер өздерінің жеңісі мен 20 жылға созылған соғыстың аяқталғаны туралы жариялады.

Ауғанстандағы әскери-саяси тұрақсыздық Орталық Азиядағы іргелес жатан елдер үшін жаңа қауіп тудырып отыр. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер босқындардың көп легі, есірткі трафигі, экстремистік идеология экспорты мен шекарадағы қарулы қақтығыс секілді қауіпсіздікке төнген сын-қатерлерге қатысты дер кезінде әрекет етуге дайын тұр.

Ресей Ауғанстан шекарасының жанында бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді
Өткен сенбі мен жексенбіде тәлібтер Ауғанстанның 15-тен астам әкімшілік орталықтарын басып алып, елдің бас шаһары Кабулды қоса алғанда ауған жеріндегі барлық ірі қалаларды бақылауда ұстап отыр. Ислам республикасының президенті Ашраф Гани де елдегі жалғыз ауған маршалы Абдул Рашид Дустум секілді ұшаққа мініп, елден кетіп қалды.

Әзірге президенттің де, маршалдың да қайда тұрақтағаны туралы нақты ақпарат жоқ. Орталық Азиядағы үш мемлекет – Өзбекстан, Тәжікстан мен Қазақстан экс-президент мінген лайнер өз аумағына қонбағанын ресми түрде жариялады.

Ауғанстан Ислам Республикасының құны 70 миллиард доллар болатын үкіметтік армиясы мен мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі іс жүзінде қирап қалды. Сондықтан НАТО стандарты бойынша дайындалған әлемдегі ең үздік әсер ретінде таныстырылған ауған әскерінің жайы күмән тудырады. Жалпы америкалықтар дайындаған жоғары шенді бірнеше ауған офицері содырлардың жағына өтіп кетті.

Тәлібтер президент сарайына өз туын тігіп, Ауғанстан Ислам Эмиратының құрылғаны туралы жариялауға дайындалып жатыр. Алайда бұл эмиратты әлем қауымдастығы тез мойындайды дегенге сену қиын.

Қазір этникалық тәжіктер мекендейтін Панджшер провинциясында ғана "Талибанға"* қарсылық көрсетіп жатқандар бар.

Елдегі қауіпсіздік төмендеген. Террористік ұйымның негізгі іс-қимылы соғысқа негізделеді. Ресей мен БҰҰ тәлібтерді* "террористер" деп қана атауы сондықтан.

"Талибан" қозғалысы өзінің бәсекелестері – "Әл-Каидадағы" исламшылар мен "Ислам мемлекеті – Хорасан" содырларымен ғана соғысқан күннің өзінде де елдегі қарулы қақтығыс ұзақ жылдарға созылатыны анық. "Талибан"* содырларының ислам эмиратының мемлекеттік құрылымына трансформациялануы аз зерттелген технология. Орта жастағы ауғандар тәлібтердің алғаш рет билікке келіп, "жаңа тәртіп" орнатқан 1996-2001 жылдардағы ел басына күн туған кезеңді әлі ұмыта қойған жоқ.

Мемлекет басшысы Ауғанстан президентіне жеделхат жолдады
Кабулдың "америкалық арманымен" қош айтысуы және ортағасырлық эмиратқа қайта оралуы ұжымдық Батыстың, Пентагон мен НАТО-ның беделіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Ал Брюссель мәселені Ауғанстандағы жағдайға әлі де ықпал ете алатындай кейіпте талқылап жатыр.

АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада мен көп ел Ауғанстан астанасынан өз елшілік қызметкерлерін асығыс эвакуациялады. Пентагон америкалық дипломаттарды елге қайтаруға 6 мың әскери қызметкерді жұмылдырды. Вашингтон өз елшілігі мен арнайы иммиграциялық виза алуға құқығы бар одақтастарын (ауғандарды) эвакуациялауды 72 сағатта аяқтауды тапсырды. Ал 350 мыңға жуық басқа әскери қызметкердің тағдыры қыл үстінде тұр деуге болады. Әзірше оларға үйлеріне қайтуға рұқсат берді.

Кабул мен Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайдағы жағдай тіпті адам шошытады: мыңдаған ауған тәлібтерден бас сауғалап елден қашу үшін әуежайға лап қойып, ұшақ астына түсердей әуе көлігіне ұмтылуда. Кабулдағы барлық коммерциялық рейс тоқтатылып, әуежайда атылған оқ дауысы естіледі.

Пентагон өкілдерінен бөлек Ұлыбритания, Түркия және Әзербайжан әскери қызметкерлері де ұшу жолағындағы тәртіпті ретке келтіруге тырысып жатыр. Тәлібтер әзірше босқындарға кетіп қалуға мүмкіндік беріп отырғандай болып көрінеді. Бірақ Кабул әуежайындағы шетелдік әскердің тұрақтауы ұзаққа бармайтыны белгілі.

Содырлар үкіметтік армияның бірнеше ірі әскери базасы мен арсеналын басып алды. Сондықтан қазір олардың қолында қару-жарақтың барлық түрі бар ден сенімді айтуға болады. Бүгінде "Талибан"* қатарындағы содырлардың саны түрлі дерек бойынша 75 мыңнан 120 мыңға дейін жетіп отыр.

ҰҚШҰ дайындығы қандай

Орталық Азия мен Ресейге Ауғанстан бағытындағы қауіпке қарсы тұру үшін әскерді жұмылдыру қажет болуы мүмкін. Тәлібтердің* жеңіске жетуі іргелес елдерде террористік белсенділіктің артуына ықпал етуі мүмкін. Бұл тәлібтердің "одақтастары" көп шоғырланған Тәжікстанда бірінші көрініс табуы ықтимал.

Сондықтан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық күштері алдағы айларда тәжік-ауған шекарасына жақын жерде бірлескен оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр. ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась 16 тамызда Ауғанстан бойынша мәлімдеме жасады. Ол көбіне Ауғанстандағы биліктің ауысуы Орталық Азия өңіріндегі жағдайға әсерт етуіне, ҰҚШҰ-ның тәжік-ауған шекарасындағы ахуалды бақылауда ұстауына, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық берілетініне, әзірше тәжік әскерилері шекарадағы қауіпсіздікті өздері бқалып отырғанына және ҰҚШҰ күштерінің араласу қажеттілігі туындамағына байланысты.

Ауғанстандағы жағдайдың өршуіне байланысты Қазақстан Қарулы күштері де түрлі сценарийге дайындықта тұр. Қосымша қауіпсіздік шаралары өңірдегі балық елге (ҰҚШҰ-дан тыс) қатысты болып отыр.

"Талибан"* қозғалысының өкілі ауған астанасында Ресей елшілігіне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты. Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов Мәскеу террористік топты мойындауға асықпайтынын мәлім етті.

Орталық Азия елдеріне "күрделі" көршімен бірге тіршілік етуге тура келеді. "Талибан"* басқа да террористік ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Сондықтан бұл ауған соғысының жаңа бағытына себепші болуы мүмкін.

"Талибан", ИМ, "Әл-Каида"* – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйымдар