Кейінірек мылтық ескерту ретінде аспанға атылғаны және оны АҚШ әскери күштері бір топ адам Кабул әуежайындағы ұшу-қону жолағына өтіп бара жатқанда жасағаны анықталды.
БАҚ ақпаратына сәйкес, Кабул әуежайында дипломатиялық миссия қызметкерлері мінген тікұшақтардың бірінен соң бірі ұшып кетіп жатқанына байланысты апыр-топыр жағдай туындаған.
Кабулды Талибан* қозғалысының содырлары басып алды. Содырлар Ауғанстанда соғыстың аяқталғанын мәлімдеді. Олар мұны "азат ету" деп атап, президент сарайының төбесінде туын көтерді.
*Талибан – Ауғанстандағы билікті басып алған діни экстремистік ұйым. Оған Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған