Аңдатпа

Қазақстанда 17 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 17-25 тамызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Sputnik

17 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

16.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтеді. Тақырыбы: "Халық санағы-2021". Спикер: Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов. Трансляция сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

АЛМАТЫ

12:00 – "Эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың таралуын алдын алу туралы" онлайн баспасөз конференциясы. Спикерлер — Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау lепартаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев.

14:00 – "Вакцинация мәселесіне теологиялық көзқарастың маңыздылығы туралы" онлайн баспасөз конференциясы. Спикер – дінтанушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы, дінтану ғылымдарының докторанты Елнар Берікбаев.

16:00 – "2021 жылдың 7 айындағы басқарма жұмысының қорытындысы туралы" онлайн баспасөз конференциясы. Спикер – Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев.

Трансляция сілтемелері: facebook.com/almaty.gov.kz, facebook.com/rsk.almaty02,facebook.com/OpenAlmaty.

12.00 –"Дюймовочка" спектаклі (Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "От Ф до Т" үрмелі музыка кеші ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

12.00 - "Как лечить львиный страх" спектаклі (Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

19 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11:00 – "Харассмент туралы ақпарат жазу нормалары" деген тақырыпта онлайн тренинг өтеді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан журналистерінің жыныстық бопсалау тақырыбында біліктілігін арттыру және бопсалау мәселесін медиада көтеруге шақыру. Тренинг 19 тамызда орыс тілінде, 20 тамыз қазақ тілінде Алматы уақытымен 11:00-13:00 аралығында ZOOM-да өтеді. Спикерлер: Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Эльвира Боханова, халықаралық заңгер, "Құқықтық саясатты зерттеу орталығы" ҚҚ бағдарлама үйлестірушісі, "Қазақстандағы заңнамалық реформалар, жауапты бизнес және біліктілігін арттыру арқылы жұмыс орнында және қоғамдық орындарда жыныстық бопсалаумен күрес" жобасының сарапшысы Аяжан Ойрат. Тренингке қатысу үшін 17 тамызға дейін тіркелу керек (қазақ тілінде\орыс тілінде). Қосымша ақпарат: utegenova@medianet.kz.

25 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Новосибирскте "ТЕХНОПРОМ -2021" технологиялық дамудың VII халықаралық форумы өтеді. Қонақтар мен спикерлер қатарында белгілі бизнесмендер, ғалымдар, ғылыми қалашық пен инновациялық орталық, сонымен қатар министрлік пен ведомство басшылары бар. Форумның негізгі тақырыбы – ғылым мен инновацияның түрлі деңгейдегі әлеуметтік және өндірістік жобалармен байланысы. Ресей Новосибирскте синхронотронның жаңа 4-ші буынын, карбон полигонын, Новосибирск мемлекеттік университетінің әлемдік деңгейдегі білім беру кампусы мен өзге де жаңашылдықтарын таныстырады.  

Бұдан бөлек, форум жұмыс күнінің бірінде Орыс үйі "Новосибирск – Нұр-Сұлтан" телекөпірін ұйымдастырады. Оның қатысушылары ядролық физика саласының бірлескен жобаларын талқылайды. Форум гибридтік форматта өтеді, қазақстандық ғалымдар, мамандар мен бизнесмендердің онлайн режимінде қатысуына мүмкіндік жасалады. Форумға ресми сайт арқылы тіркелуге болады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.