Қоғам

Терроризмді насихаттаған төрт тұрғын қамауға алынды

Қамауға алынғандар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының төрт тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"13 тамызда ұлттық қауіпсіздік қызметі жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының төрт тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынған. Олар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып табылады", - делінген хабарламада.

Ведомство өзге мәліметтің тергеу құпиялығын сақтау мақсатында жария етілмейтінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Орталық Азия тәлібтерден қаншалықты қорғалған – видеосұхбат