ТАЛДЫҚОРҒАН, 14 тамыз — Sputnik. Қапшағай маңындағы жолда Daewoo Nexia көлігі аударылды. Бес адам көз жұмды, үшеуі бала, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде жол апаты орнында түсірілген суреттер пайда болды. Трагедия Шеңгелді ауылының маңында болған.
Облыс полициясы ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 14 тамызда түстен кейін болды. Daewoo Nexia рөлінде 64 жастағы зейнеткер отырған. Көлікте 8 адам отырды.
"Жүргізуші рөлге ие бола алмай, Алматы-Өскемен тасжолының 122-ші шақырымында аударылды. Сегіз адам қайтыс болды, үш жолаушы Қапшағай ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 345-бабына ("жол ережесін бұзу") сәйкес, қылмыстық өндіріс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеуді облыстық департамент жетекшілігі жеке бақылауға алды.