Өңірлер

Алматыда бірнеше көлік ағаштың астында қалды - видео

Ағаш құлағанда астында тұрған көліктерді ғана емес, жолдың қарсы бетіндегі көліктерді де зақымдаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Алматының Медеу ауданында үлкен терек құлап, бірнеше көлікті зақымдаған. Астына көліктерді басып алып, көлденең жатқан ағаштың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Кадрдан ағаштың биік екенін байқауға болады. Ағаш құлағанда тек астында тұрған көлікті ғана емес, жолың қарсы бетіндегі көліктерге дейін жеткен.

Оқиға 13 тамызда Гоголь-Абдуллин көшілерінің қиылысында болған. Ағаш құлаған мекенжайға құтқару қызметі жіберілді. Зардап шеккендер жоқ. 

Оқи отырыңыз: Екі адам алып ағаштың астында қалды: жантүршігерлік оқиғаның суреттері жарияланды