Қоғам

Бір тәулікте 7 800-ге жуық науқас анықталды – коронавирус туралы статистика

Өткен тәулікте Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 510 науқас тіркелді, Нұр-Сұлтанда бұл көрсеткіш – 1 384
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетіне қатысты статистика жаңартылды.

Өткен тәулікте 7 798 адамның коронавирус инфекциясына қарсы ПТР тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Өңірлердегі статистика:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1384,
  • Алматы қаласы - 1510,
  • Шымкент қаласы - 515,
  • Ақмола облысы - 276,
  • Ақтөбе облысы - 364,
  • Алматы облысы - 300,
  • Атырау облысы - 460,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 244,
  • Жамбыл облысы - 135,
  • Батыс Қазақстан облысы - 169,
  • Қарағанды облысы - 1127,
  • Қостанай облысы - 264,
  • Қызылорда облысы - 204,
  • Маңғыстау облысы - 218,
  • Павлодар облысы - 297,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 159,
  • Түркістан облысы - 121.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 664 524.